Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Исламханның ойыны Қазақстанда көрсетіле ме?

08.08.2020, 16:00 212 0

HALYQLINE.KZ «Sarah Media International Азия футбол конфедерациясының 2021 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстандағы серіктесі болды» деп хабарлайды АФК ресми сайтында.

Келісімшарттарына сәйкес, компания клубтар мен ұлттық құрамалардың негізгі турнирлерін, соның ішінде 2022 жылғы Әлем чемпионатының, 2023 жылғы Азия кубогының, АФК Чемпиондар лигасының, АФК Кубогының және жастар арасындағы Азия чемпионатынының матчтарын тарату құқығын алды.

Sarah Media International осы турнирлерді серіктестер арқылы, Alma Sport аймақтық арнасы және жеткізу технологиясын қолдана отырып (компьютерге, телефонға матчтарды видео арқылы жеткізу) көрсетуді жоспарлап отыр. Түркиялық компания Қазақстанда УЕФА турнирлерін көрсетуге лицензия алады, оларды негізінен QazSport және Qazaqstan арқылы таратады.

Айта кетейік, АФК Чемпиондар лигасында Қазақстанның бір өкілі бар – бұл ұлттық құраманың капитаны Бауыржан Исламхан, ол қаңтардан бастап БАӘ-нің «Аль-Айн» клубында ойнап, 30 шілдеде клубпен келісімшартты үш жылға ұзартты. «Аль-Айн» командасы бұл турнирді 2003 жылы жеңіп алған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: