Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Футзал: 1/4 финалда ойнайтын командалар белгілі болды

30.01.2022, 13:00 562

HALYQLINE.KZ Нидерландыда өтіп жатқан футзалдан Еуро-2022 чемпионатының плей-офф кезеңіне қатысатын командалар белгілі болды.

1/4 финалға соңғы жолдаманы топтық кезеңдегі финалдық ойында Грузия құрамасын 8:0 есебімен жеңген Испания құрамасы жеңіп алды.

Осылайша, испандықтар жеті ұпай жинап, D тобында Грузиядан (6) озып, бірінші орынға ие болды.

Бұған дейін плей-оффқа Португалия, Украина, Финляндия, Ресей және Қазақстан құрамалары қатысқан болатын.

1/4 Еуро-2022 финалының жұптары келесідей:

Португалия – Финляндия (31 қаңтар)

Қазақстан – Украина (31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні)

Испания – Словакия (1 ақпан)

Ресей – Грузия (1 ақпан).

Еске салайық, Еуро-2022 топтық кезеңінде Қазақстан Словениямен тең түсті (4:4), кейін Финляндия (6:2) мен Италияны (4:1) жеңді.

Қазақбай ӘНДЕШ,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 4-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: