Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

FIFA мен UEFA текетіресі: Қазақстан әлем чемпионатына бойкот жариялады

31.07.2026, 17:45 47

HALYQLINE.KZ

ФИФА президенті Джанни Инфантиноның «FIFA Forward Enterprise» атты жаңа еншілес компания құру және әлем чемпионаты сияқты ірі турнирлердің коммерциялық үлестерін жеке инвесторларға сату туралы біржақты шешімі футбол конфедерациялары мен мүше қауымдастықтардың қатаң қарсылығына тап болды, деп жазады inbusiness.kz.

УЕФА-ға мүше 55 елдің қатарында Қазақстан да бұл бастамаға қарсы екенін мәлімдеді.

Ақпараттарға сәйкес, ФИФА әлем чемпионаты мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын басқару үшін арнайы еншілес компания құруды жоспарлап отыр. Жаңа құрылымға жеке инвесторлар қатысып, оның белгілі бір үлесіне иелік ете алады.

ФИФА бұл қадамды футболды дамытуға қосымша қаржы тартудың жолы ретінде түсіндіреді.

Еуропалық футбол қауымдастықтарының пікірінше, әлем чемпионаты – жай ғана коммерциялық жоба емес. Бұл – ондаған жылдар бойы ұлттық құрамалар, ойыншылар мен жанкүйерлер қалыптастырған жаһандық спорттық мұра.

УЕФА-ның 55 мүше-қауымдастығы өткізген шұғыл жиында қатысушылардың барлығы Инфантиноның жоспарына ашық қарсы шықты. Нәтижесінде УЕФА бұл жоспар толық тоқтатылмайынша, ФИФА-ның барлық жарыстарына бойкот жариялайтынын мәлімдеді.

Бұл шешімді Англия, Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия және Ирландия футбол қауымдастықтары бір ауыздан қолдады.

«Біз Еуропалық әріптестерімізбен иық тіресіп тұрмыз. ФИФА Әлем кубогы футболға тиесілі және әрқашан солай болып қала береді», — деп мәлімдеді Англия футбол қауымдастығы.

Фото: РБК

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: