Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еркебұлан Сейдахмет «Жетісуға» жалға берілді

06.08.2020, 15:10 421

HALYQLINE.KZ «Қайрат» футбол клубының жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет «Жетісуға» жалға берілді» деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

– «Қайрат» пен «Жетісу» шабуылшы Еркебұлан Сейдахметті талдықорғандық клубқа жалға беру туралы келісімге келді. Аталған команда сапында ойыншы биылғы маусымның соңына дейін өнер көрсетеді.

Футболшы көп ойын тәжірибесін алу үшін өзге командада жалда ойнауға ниет білдірді. Клуб ойыншының бұл ниетін құп көрді.

«Қайрат» Еркебұланның «Жетісу» сапында жемісті өнер көрсетуін тілейді!» деп жазды алматылық клубтың баспасөз қызметі. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: