Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елордада тең нәтиже тіркелді

13.05.2022, 17:15 302

HALYQLINE.KZ Футболдан ел біріншілігінің 5-турында «Қайсар» «Астана ж-ға» қонаққа барды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен кездесуде қос команда бір-бір голдан соқты. Алаң иелері матчтың 6-минутында 11 метрлік айып добын орындауға мүмкіндік алды. Қақпашы Нұрымжан Салайдын Бауыржан Ахаевтың пенальтиден тепкен соққысын кері қайтарған, алайда бас төреші Саят Суликанов Бауыржанға 11 метрлік айып добын қайта орындауға мүмкіндік берді. Қайта тебуге талпынған алаң иелері есеп ашып, алға шықты. Кездесудің 13-минутында Дидар Жалмұқан Мағжан Бауыржанның асырған пасын ұтымды пайдаланып, есепті теңестірді. Дидардың соққан голы кездесудің нүктесін қойды.

Енді «дала қасқырлары» 22 мамырда «Оқжетпесті» қабылдайды.

«Қайсар»: Салайдын (к), Бауыржан, Бондаренко, Дылевский (Ануарбеков 80), Сламбеков (Байжанов 72), Құлмағанбетов, Жалмұқан (Алтынбеков 46), Жұмаханов, Сидоренко (Сахалбаев 46), Педро, Диалло (Махан 60).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: