Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дәстүрлі футзал турнирі мәресіне жетті

28.03.2022, 14:00 758

HALYQLINE.KZ «Евразия» спорт кешенінде өткен жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан дәстүрлі республикалық турнир өз мәресіне жетті. Еліміздің әр аймағынан 32 команда қатысқан турнирдың тартысты болғаны сонша, жанкүйерлер залға сыймай қалып жатты.

Әсіресе, жартылай финал мен финалда көрермендер өте белсенді болды. Сонымен, 2 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша:

4-орын «ЦЭНКИ-Байконур» командасы (200 000 теңге көлемінде жүлде иеленді)

3-орын «Отбасы банк» командасы (400 000 теңге)

2-орын «Adam Arafat» командасы (800 000 теңге)

1-орын «Asyl» командасы ( 1 600 000 тг теңге).

Жүлделі орындармен қатар, ойын барысында ерекшеленген спортшылар арнайы номинациялармен марапатталды:

«Үздік қақпашы» – Сагиданов Абылай (Арафат)

«Үздік қорғаушы» – Әбділбаев Ермек (Отбасы банк)

«Үздік бомбардир» – Айтжанов Талғат (ЦЭНКИ)

«Үздік ойыншы» – Кенжеғалиев Батырхан (Asyl)

«Үздік төреші» – Сұлтанқұлов Санжар

«Үздік жанкүйер» – Маратұлы Мұхан және әлеуметтік желіде финалдық ойынның есебін дұрыс тапқан «Досалиев21» (аккаунт).

Сонымен бірге, облыстық «Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің» арнайы «Үздік ойыншылар» номинациясымен: Жұбанов Данияр ((ЦЭНКИ) Ақмолаев Нұрлан (Asyl) Жақсылықов Ұлан (Арафат) Райымбек Мадияр (Отбасы банк) және «Көрермен көзайымы» номинациясымен Жұмабеков Нұрбек (Рай Шиелі) марапатталып, қоғамдық кеңестің дайындаған арнайы сыйлықтары табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: