Лондондық «Челси» клубы маусым алдындағы турнеге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Бұл туралы ағылшын клубы ресми әлеуметтік желілерінде хабарлады, деп жазады penalty.kz.
Қорытынды құрамға Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев енді. Команда маусым алдындағы тур аясында Австралия мен Азияға сапар шегіп, бірқатар жолдастық кездесулер өткізеді.
Лондондық клуб алдағы уақытта «Вестерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм», «Ювентус», «Милан», «Джохор Дарул Тазим» командаларымен кездеседі.
ФУТБОЛШЫНЫҢ ТАҒДЫРЫН ХАБИ АЛОНСО ШЕШЕДІ
Дастан Сәтпаев 18 жасқа толғаннан кейін, тамыз айында ресми түрде «Челси» ойыншысы атанады. Клубтың бас бапкері Хаби Алонсо шабуылшының негізгі командадағы болашағына қатысты шешімді маусым алдындағы дайындық қорытындысы бойынша қабылдайды.
Бану ӘБДІҒАЛИЕВА,
спорт шолушысы
Фото: «Челси» ФК
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!