Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту Қазақстан үшін аса маңызды екенін бірнеше рет атап өткен болатын. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бүгінде халықтың 40,4 пайызы – бұл 8 миллионнан астам адам тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады.
2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу міндеті қойылған.
2024 жылдың қорытынды мәліметі бойынша спортпен айналысатындардың жалпы саны – 8 406 213 адам. Оның ішінде жас ерекшелігіне қарай:
- 3-5 жас: 141 872 адам – ауылдық жерлерде: 26 046
- 6-13 жас: 2 575 711 адам – ауылдық жерлерде: 1 002 016
- 14-18 жас: 2 009 876 адам – ауылдық жерлерде: 748 253
- 19-35 жас: 2 329 977 адам – ауылдық жерлерде: 828 564
- 36-65 жас: 1 242 922 адам – ауылдық жерлерде: 485 969
- 65 жастан жоғары: 106 694 адам – ауылдық жерлерде: 20 434
Спортпен белсенді айналысатындардың үлесі бойынша көшбасшылар (пайыздық көрсеткішпен):
- Алматы қаласы – 11,37%
- Түркістан облысы – 10,53%
- Астана қаласы – 7,15%
- Алматы облысы – 7,64%
- Шымкент қаласы – 6,48%
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!