Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бокстан әлем чемпионатының өтетін уақыты анықталды

14.05.2021, 14:00 287

HALYQLINE.KZ Әуесқой бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының күні мен өтетін уақыты жарияланды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

ХХІ рет өткізілетін әлем чемпионаты 26 қазан мен 6 қараша күндері Сербияның Белград қаласында өтеді. Алдыңғы әлем чемпионаты Ресейдің Екатеринбургінде өткен еді. Онда қазақстандық боксшылар 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп, командалық есепте 3-орынға ие болды.

Айта кетейік, бокстан әлем чемпионаты 1974 жылдан бері өтіп келеді. 20 рет өткен әлем чемпионатында үздік нәтижеге жеткен алты елдің боксшыларын ұсынамыз.

1-орын Куба, 77 алтын+35 күміс+26 қола=138;

2-орын Ресей, 26+21+22=69;

3-орын Америка, 16+11+19=46;

4-орын СССР, 15+11+17=43;

5-орын Қазақстан, 12+13+21=46;

6-орын Өзбекстан, 9+14+18=41.

Айбек МҰХАНОВ,

Ақтау қаласы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: