Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Барыс» хоккейшілерінің жалақысы белгілі болды

28.04.2023, 14:15 278

Ресейдің «Спорт-Экспресс» сайты алғаш рет ҚХЛ-да өнер көсететін  барлық клуб ойыншыларының жалақысын жариялады. Оның ішінде Астана қаласының «Барыс» клубы да бар. 34 ойыншының 27-сі 1 млн рубльден көп ақша алады екен. Бұл тізімде өткенде ғана Қазақстан азаматтығынан Егор Петухов пен Антон Сагадиев жүр. Оның алғашқысы жылына 33,45 млн алса, кейінгісі жылына 72,47 млн теңгені қалтаға басады есен. Сонымен ең көп жалақы алатын хоккейшілер былай жалғасады.   Линден Вей — 278,73 миллион теңге,  Никита Михайлис — 278,73 миллион теңге, Алекс Грант — 250 млн теңге, Майкл Шапю — 144,94 млн теңге, Крис Биграс, Юлиус Гудачек, Энтони Луис — 139,36 млн теңгеден, Джесси Грэм — 128,21 млн теңге, Джереми Бракко — 122,64 млн теңге, Иван Мищенко мен Нельсон Ножье — 100,34 млн теңгеден, Кирилл Савицкий мен Антон Сагадеев — 72,47 млн теңге, Михаил Григорьев пен Кирилл Максимов — 55,75 млн. теңгеден,  Әлихан Әсетов пен Егор Шалапов — 50,17 млн теңгеден, Никита Бояркин — 44,60 млн теңге, Егор Петухов пен Аркадий Шестаков — 33,45 млн теңгеден, Самат Данияр, Михаил Рахманов, Юрий Сергиенко — 27,87 млн теңгеден, Әділ Бекетаев, Дмитрий Гурков, Андрей Шутов — 22,30 млн теңгеден,Тамирлан Гайтамиров —16,72 млн теңге алады.

Осылайша «Барыс» хоккей клубы бір маусымдық жалақыға 2,5 млрд теңге жұмсаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: