Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыр атлетикадан ҚР Чемпионаты басталды

18.04.2022, 18:00 549

HALYQLINE.KZ Бүгін «Евразия» спорт кешенінде Ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында жекелей-командалық ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, ҚР Ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нұралинов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұл және ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қатысты.

Чемпионатты облыс әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен бірге, Нұртай Ырзақұлұлы Сыр мақтанышы Илья Ильинді «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Әрі қарай, қонақтар мен барша жанкүйерлер темірді тізгіндеген спортшылардың өнерін тамашалады.

Айта кетейік бұл чемпионатқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан мен облыс орталықтарынан 16 команда, 220-ға жуық спортшы жүлделерді сарапқа салуда. Жарыс 24 сәуірге дейін жалғаспақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: