Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауылда футбол алаңы пайдалануға берілді

07.11.2022, 16:45 428

HALYQLINE.KZ Шиелі ауданы, Тартоғай ауылдық округінде «Балалар жылы» аясында және облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен және ауылдың жанашыр азаматтарының демеушілігімен шағын футбол алаңы салынып, пайдалануға берілді.

Шағын футбол алаңының тұсаукесер рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Айтбай Жандарбеков, ардагерлер мен тұрғындар қатысты. Алғашқы болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары тартоғайлықтарды қуаныштарымен құттықтап, былай деді:

– Өздеріңізге белгілі, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялап,– Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз, – деп, бұл жылда істелетін жұмыс нәтижесін бос сөзбен емес, нақты іспен көрсету керектігін ескерткен болатын. Осы орайда, ауданымызда балалар спортын дамытуға зор көңіл бөлініп, заман талабына сай спорт алаңқайлары, балалар ойын алаңдары, спорт кешендері салынуда. Мәселен, биыл облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Балалар жылы» аясында демеушілер есебінен ауданда 6 спорттық балалар ойын алаңдары бой көтерді. Сондай-ақ, Бала би елді мекенінде жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді ол.

Айта кетейік, Тартоғай ауылдық округінде бой көтерген шағын футбол алаңының көлемі – 950 шаршы метр. Шағын футбол алаңының құрылысына осы ауылдың түлегі Ерлан Ахметов пен ауылдың жанашыр азаматтары демеушілік жасаған. Алдағы уақытта футбол алаңының жанына жаттығу алаңдары орналастырылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: