Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Астананың» бас бапкері орнын босатты

26.08.2020, 15:00 290

HALYQLINE.KZ Клуб басшылығы «Астананың» бас бапкері Михал Билекпен келісімшартты бұзғанын хабарлады.

«Астана» футбол клубы чехиялық маманға жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабына, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасындағы жұмысына табыс тілейді.

Бас бапкердің міндетін «Питерборо» (Англия), «Вентспилс», «Рига», «Сконто» (барлығы – Латвия), «Ростов» (Ресей), «Саншайнз» (Нигерия) клубтарында бапкерлік қызмет атқарған, тәжірибесі мол маман Пол Эшуорт атқарады.
Эшуорттың «PRO» санатындағы бапкерлік категориясы бар. Оның басшылығында командалар УЕФА турнирлері аясында 30-ға жуық ойын өткізген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: