Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Астана» Эричке 1-нөмірді «мәңгілікке сыйлады»

02.03.2021, 16:30 444

HALYQLINE.KZ Клуб басшылығының шешімімен «1» ойын нөмірі «Астана» командасының қақпашысы, осы маусым алдында келісімшартының аяқталуына байланысты елордалық клубтан кеткен, жылдар бойы клубтың көшбасшысы мен капитаны болған Ненад Эричке бекітілді. Енді «Астана» клубында қақпашылар бірінші нөмірді иелене алмайды.

Ненад 2011 жылы «Астанамен» алғашқы келісімшартына қол қойып, елордалық клубтың қақпашысы атанды. Эрич клубта 10 маусым бойы 318 матч өткізіп, рекорд орнатты, көпшілігінде ол команданы алаңға капитан ретінде алып шықты. Одан басқа, Ненад гол жібермеген матчтар саны бойынша рекорд орнатты, сондай-ақ оның еншісінде екі нәтижелі пас бар.

«Астана» футбол клубы Эричтің еңбегін жоғары бағалайды, өйткені оның қатысуымен команда 6 рет чемпиондық атақты, төрт рет Суперкубокті және екі рет Қазақстан Кубогін жеңіп алды, сондай-ақ Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінде бақ сынады, Еуропа Лигасының 1/16 финалында өнер көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: