Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алтынбеков «Қайсарға» ауысты

22.07.2020, 15:00 371

HALYQLINE.KZ «Қайсар» биыл еурокубокта өзінің дебютін жасайды. Жетісу» футбол клубының шабуылшысы Елжас Алтынбеков «Қайсарға» ауысты.

26 жастағы шабуылшы – Қызылорда клубының тәрбиеленушісі, «Қайсар» Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі дебюті қарсаңында Елжастың көмегімен шабуыл шебін күшейтпекші.

«Жетісу» командасына келер болсақ, Дмитрий Огай шәкірттері келесі маусымда Еуропа Кубогына жолдама алу үшін «Қайсардың» тікелей бәсекелесі болып табылады.

Кәсіби деңгейде Алтынбеков 2013 жылы дебют жасап, «Қайсар» үшін 73 матч өткізіп, 10 гол соқты. 2018 жылы «Жетісуға» ауысты. Талдықорғандық командада 45 матч өткізіп, 7 гол соқты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: