Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Алтын күз – 2022» спартакиадасы аяқталды

10.10.2022, 15:45 315

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданында ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2022» спартакиадасы аяқталды. Спорттың 18 түрін қамтитын бұл бәсекеде аймақтың барлық аудандарының құрама командалары өнер көрсетті. Бұқаралық спортты дамыту, ауылдық жерлерде салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың маңызын арттыру мақсатында өткізілген спартакиадаға 1000-нан астам ауыл спортшылары қатысты.

Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпыкомандалық есепте 108 ұпаймен Қазалы ауданының командасы – бірінші, 103 ұпаймен Жаңақорған ауданы – екінші, ал 101 ұпаймен Жалағаш ауданы үшінші орынға ие болды. Ал, 4-орынды Сырдария ауданы, 5-орын Қармақшы, 6-орын Шиелі, 7-орын Арал ауданының командалары иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларды аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов пен облыстық мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ғалым Сихымов құттықтап, марапаттарын табыстады.

Қазалы ауданының футбол, қол добы, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, баскетболдан әйелдер командасы жеңіс тұғырынан көрініп, 1-орын алды. Ал, баскетболдан ерлер командасы, шахмат 2 орынға, бес асық, асық ату, қол күресі, волейболдан ерлер командасы 3-орынға қол жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: