Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айту мен жазу – бізден, жұмыс істеу – сізден

22.04.2022, 11:10 481

HALYQLINE.KZ Осы аптада Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаевпен кездестім. Уақыт тауып менімен кездескен Қанат Қошқарбайұлына алғысымды білдіремін.

Кездесу облыс және Мұнайлы ауданының спорттағы мәселелері талқыланды. Қазіргі кезде облысымызда оқу-жаттығу жиын өткізіп дайындалатын спорт базасы мен олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжін ашу қажет. Екі жыл қалған Париж олимпиадасына спортшылар дайын ба? Паралимпиада мен қысқы олимпиадаға маңғыстаулықтар неге қатыспайды әлде спортқа жауапты мамандар жоқ па? Бармақ басты-көз қысты деп жүре берсек, келешек бізді кешірмейді. Әңгіменің тоқ етері, барлығы облыстық спорт басқармасына келіп тіреледі. Жұмыстанса, ізденсе, облыстан жазғы олимпиада мен паралимпиада чемпиондары және жүлдегерлер шығады. Спортты басқарып жүрген шенеуіктер топ-топқа, жік-жікке бөлініп, жершілдікке, салынбауы керек. Мықтысың ба, облыстан олимпиада чемпионын шығаруға мүмкіндік жаса. Шығара алмасаң, іскер азаматтарға орын бер. Жыл сайын Маңғыстау облыстық спорт басқармасына бақылауды күшейту керек, тәуелсіз комиссия, ревизиялық тексеріс қажет. Олар аймақ спорттының шын жанашырларынан құралсын. Облыс, қала және аудан, ауыл спорт мекемелерін соңғы үш-төрт жыл көлемінде қандай спорт түрлерін қаржыландырғанын құжат жүзінде талап етіп, БАҚ өкілдеріне ұсыну керек. Спорт тізгінін ұстаған азаматтар мүмкіндігінше олимпиадада жетістікке жетуді ойлауы керек. Әйтеуір спорт басқармасы мен мәдениет және спорт бөлімінің басшылары «Облыс және аудан әкімі тиіспей, орнымнан алып тастамаса болды» – деп күн өткізбеуі керек. Сондай-ақ ауылдық спорт басшылары жарысқа қай жаттықтырушыны жіберетінін өзі шешетін болған. Бұл дұрыс емес. Бұрын мұндайды естімейтін едік. Ал қазір қалыпты жағдайға айналған.

Азаматтар, айту мен жазу – бізден, жұмыс істеу – сізден.

Айбек МҰХАНОВ,

                                                                                                                     журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: