Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемдік футболда қайталанбауы мүмкін 5 рекорд

23.05.2020, 16:16 479

HALYQLINE.KZ Соңғы жылдары футболда рекордтардың көбі жаңарғанымен, кейбір ерекше жетістіктер әлі де жаңармайтындай. Уақыт сынақтарына берік болып, сүйікті ойын тарихында мәңгі қалуға мүмкіндік беретін сол бес рекордты еске түсірейік.

1. Футбол матчына ең көп көрермен жиналған ойын – 1950 жылғы Әлем чемпионатының финалы.

1950 жылғы Әлем чемпионатының шешуші матчы, әрине, барлық уақыттағы ұмытылмас матчтардың бірі. Аты аңызға айналған «Маракана» стадионында турнирдің қожайындары «Бразилия» құрамасы 1 шілде күні «Уругвай» құрамасын қабылдады. Уругвайлықтар екінші таймның басында өз қақпаларына гол жіберіп алды. Бірақ «Уругвай» құрамасы жергілікті жанкүйерлерді және бүкіл Бразилияны дүр сілкіндірді, ойынның 66-минутында есепті теңестіріп, матчтың аяқталуына 11 минут қалғанда жеңіс голын соғады. Десе де, бұл драмалық ойын футбол тарихындағы ең көп көрермен келген матч болып есептеледі. 173 830 көрермен билет алып матчты трибунадан тамашалаған. Тіпті, кейбір деректерде бұл матчқа 220 мың адам келгені жайлы айтылған. Осы ойыннан кейін бұл рекордты бұзатын матч болған жоқ.

2. Еуропалық кубокты қатарынан 5 мәрте жеңген – «Реал Мадрид»

Бір команданың қатарынан бес рет Чемпиондар лигасын қалай жеңіп алғанын тағы бір рет көру екіталай. «Реал Мадрид» 1956-1960 жылдар аралығында Ескі континенттегі ең мықты команда болды және осындай рекорд орнатты. Содан бері бірде-бір клуб дәл осы рекордты жаңарқан жоқ.

Бұл рекордқа жақындаған тек Йохан Кройф басқарған «Аякс» футбол клубы ғана болды. Олар 1971 жылдан 1973 жылға дейін қатарынан үш титулды ұтып алды. Мадридтік «Реал» да 2016 жылдан 2018 жылға дейін қатарынан үш мәрте Чемпиондар Лигасын жеңіп алып «Аякстың» осы жетістігін қайталады. Сондықтан жақын арада кез келген команданың қатарынан бес рет Чемпиондар лигасын жеңіп алуы екіталай. 50-жылдардағы ұлы команданың ерекше жетістігі көпті таңғалдыруды жалғастыра бермек.

3. Әлем чемпионатында ең көп гол салған – Жюст Фонтен

1958 жылғы Әлем чемпионаты 17 жастағы Пеленің әлемдік футболдағы дебютімен есте қалады. Болашақ футбол королі Бразилияны Әлем Кубогындағы алғашқы жеңісіне жетелегенімен, 6 матчта 13 рет өзін-өзі көрсеткен француздық Жюст Фонтеннен асып түсе алмады. Фонтен ешқандай кездесуден голсыз кетпеді. Екі дубль, екі хет-трик, және бір покермен көзге түсті. Әр матчтағы гол соғу көрсеткіші орташа есеппен 2,17 құрады. Ол кезде 25 жастағы Фонтен бойы қысқа және физикалық жағынан мықты футболшы еді, тек қарсылас қақпасына ұмтылған, кез келген позициядан гол соғуға қабілетті шабуылшы болған. Раймон Копа мен Роже Пьянтони секілді ойыншылардың пасынан кейін Фонтен өзінің керемет қабілеттерінің арқасында қайта-қайта гол соқты. Осылайша ол «Францияға» сол Әлем чемпионатының қола жүлдегері болуға септігін тигізді.

4. Бас бапкер ретінде ең көп трофей жеңіп алған – Сэр Алекс Фергюсон

Сэр Алекс Фергюсон өзінің аңызға айналған жаттықтырушылық мансабында 49 кубок жеңіп алды. Мұның бәрі 1974 жылы 33 жастағы Фергюсон «Сент-Миррен» клубын баптағаннан кейін басталды. Бұл клубта болған төрт жыл ішінде ол көптеген жас ойыншылардың талантын ашты, 20 жастағы жігітті капитан етіп тағайындады және команданы Шотландияның екінші дивизионының артқы бөлігінен бірінші дивизионның чемпионына айналдырды. Содан кейін жас маман «Абердинмен» бірге, «Селтик» пен «Рейнджерстің» 15 жылдық гегемониясын үзді, көптеген ішкі жарыстарда жеңіске жетті және жергілікті команда арқылы Англияға кетті. Ол кезде оның жүлде тізімінде 11 трофей бар еді. Соған қарамастан, Алекс Фергюсон Ұлыбританияның солтүстігінде болған ерліктермен емес, оның 27 жылдық Манчестер қаласындағы бапкерлік мансабы арқылы (1986 жылдан 2013 жылға дейін) танымал болды. Фергюсон «Олд Траффордта» болған уақытында 38 трофей, соның ішінде Премьер-Лиганың 13 мәрте чемпионы, 5 рет Англия Кубогы және 2 рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алды.

Енді біраз кідіріп, Сер Алекстен 14 ұпай артта қалған адамды атауға тырысайық. Иә, Мирче Луческу 35 турнирді бас бапкер ретінде жеңіп алды.

5. Бір футбол маусымында ең көп гол соққан ойыншы – Лионель Месси

2012 жыл Лионель Месси үшін ең үлкен жыл болды. Аргентиналық ойыншы «Барселона» мен «Аргентина» құрамасының қарсыластарына аяусыз 91 гол соқты. Ол Ла Лиганың 38 ойынында 59 гол, Испания Кубогының 8 матчында 5 гол соққан, Чемпиондар Лигасының 12 матчында 13 гол, Суперкубокта 2 гол соққан. «Аргентина» құрамасы үшін 9 матчта 12 гол соқты. 25 жастағы Лионельге 91 гол соғу үшін тек 69 ресми кездесу қажет болды. Сонымен қатар, Месси Герд Мюллердің 40 жыл бойы жаңармаған рекордын (85 гол) бұзып, тарихқа енді. Қысқасы, Лионель Мессидің 2012 жылғы керемет жетістіктері ешқашан қайталанбайтындай…

Ернар Ламкадыров

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: