Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Әлем чемпионатында кім жеңетіні шешіліп қойған»

14.12.2022, 14:45 387

HALYQLINE.KZ Италияның «Милан» клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович Катарда өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалының алдында-ақ турнирде кім жеңімпаз болатынын айтыпты.

«Кім жеңетінін тағдыр жазып қойған сияқты, кімді айтып отырғанымды білесіздер. Трофейді Месси басына көтереді деп ойлаймын, бұл шешіліп қойған», – деп береді Ибаргимовичтің сөзін Goal.

Еске салайық, Аргентина жартылай финалда Хорватияны ұтты (3:0), енді 1/2 финалдың екінші ойынында Франция – Марокко матчі өтеді.

Финал 18 желтоқсанға белгіленген, ал үшінші орын үшін ойын бір күн бұрын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: