Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ӘЧ: Жартылай финалға бес қазақстандық боксшы шықты

03.11.2021, 9:30 272

HALYQLINE.KZ «Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Нұрлан Оралбай, Санатәлі Төлтаев пен Асланбек Шымбергенов қарсыластарына жол берді» деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өз жекпе-жектерінде Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі) қарсыластарымен жақсы жұдырықтасты. Десе де төрешілер олардың жеңілгенін көрсетті.

Айта кетсек, олардан басқа бүгін, Саматәлі Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) жартылай финалдан тыс қалды.

Жарыстың бұған дейінгі сатыларында Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.

Ел құрамасынан ширек финалда Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмұд Сабыржан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Осылайша бес қазақстандық жартылай финалға шықса, сегізі жарыс жолынан шығып қалды.

Әділжан Үмбет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: