Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

16 матчтағы 16 қызықты факт

25.11.2022, 16:30 399

HALYQLINE.KZ

Сонымен, Әлем чемпионатының топтық кезеңінің бірінші айналымы аяқталып, командалар мен ойыншылардың дайындық деңгейін байқадық. Біз 16 матчтың нәтижесі бойынша 16 қызықты деректі жинадық.

1. Чемпионаттың басты фавориті Аргентина Сауд Арабиясынан 1:2 есебімен жеңілді. Сөйтіп, 2019 жылдың шілдесінен түрлі деңгейдегі турнирлердегі жеңіліссіз сериясы (36 матч) үзілді.

2. Роберт Левандовски – 2022 жылғы Әлем чемпионатында пенальтиді орындай алмаған алғашқы ойыншы. Оның айып добынан тепкен добын мексикалық қақпашы Гильермо Очоа қайтарды.

3. Экс-чемпион Франция құрама командасы алғашқы матчта Австралиямен кездесіп, 4:1 есебімен жеңді. Айта кететіні, 2018 жылы өткен байрақты бәсекеге экс-чемпион ретінде қатысқан Германия Мексикадан 0:1 есебімен жеңілсе, ал 2014 жылы Испания ойынды сәтсіз бастап, Нидерландыдан 1:5 есебіне ұтылды. Осы сәтсіздік сериясын Франция тоқтатты.

4. Оливье Жиру Австралия қақпасына екі рет гол соғып, Франция құрамасының гол соғу көрсеткіші бойынша Тьерри Анри рекордын қайталады (51).

5. 37 жастағы Лука Модрич – үш онжылдықта әлем чемпионатында да, Еуропа чемпионатында да ойнаған тарихтағы алғашқы футболшы.

6. Германия құрамасы қатарынан екінші әлем чемпионатының алғашқы матчында жеңілді. Төрт жыл бұрын Ресейде немістер сапарын Мексикадан (0:1) жеңілумен бастаған-ды.

7. Испания 16 жылда алғаш рет әлем чемпионатын жеңіспен бастады. 2006 жылы испандықтар Украинаны (4:0) жеңіп, келесі үш турнирде дебюттік кездесуде қиындыққа тап болды. 2010 жылы Швейцариядан (0:1), 2014 жылы Голландиядан (1:5), 2018 жылы Португалиядан (3:3) тең түсті.

8. Әлем чемпионатындағы ең ірі есеп Испания мен Коста-Рика асында тіркелді. Есеп – 7:0. Осы ойында Гави Пеледен кейінгі әлем чемпионатындағы ең жас гол соғушы болды. Ол 18 жас 110 күн, бразилиялық 1958 жылы әлем чемпионатында 17 жас 249 күн болғанда гол соққан-ды.

9. Испания Коста-Рикаға қарсы доптың 81,7 пайызын иеленді. Бұл – әлем чемпионаты тарихындағы ең жақсы нәтиже.

10. Джон Хердман – ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жұмыс істеген алғашқы жаттықтырушы. Әйелдер арасындағы әлем чемпионатына үш рет (2007, 2011, 2015) келді, қазір 2022 жылғы әлем чемпионатында Канаданың ерлер құрамасымен жұмыс істейді.

11. Канада капитаны Атиба Хатчинсон ойнаған ең қарт ойыншы (39 жас 290 күн).

12. Криштиану Роналду мен Лионель Месси бес әлем чемпионатында өнер көрсеткен футболшы қатарына қосылды. Бұған дейін бұл жетістікке Антонио Карбахаль, Рафаэль Маркес (екеуі де Мексикадан) және Лотар Маттеус (Германия) жетті.

13. Криштиану Роналду әлем чемпионатында клубы жоқ жалғыз ойыншы атанды.

14. Роналду – бес әлем чемпионатында гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы. Ол Ганамен өткен ойында (3:2) пенальтиден гол соқты.

15. 2022 жылы Әлем чемпионатының 1-турында ең жылдам голды аустралиялық Крейг Гудвин салды. Ол кездесудің тоғызыншы минутында француздар қақпасына доп соқты.

16. 2022 жылғы әлем чемпионатының 1-турында төрт тең ойын тіркелді. Төрт жыл бұрын Ресейде тек француздар мен даниялықтар ғана нөлде-нөл ойнаған еді. Катарда өткен турнирде Дания-Туния, Мексика-Польша, Марокко-Хорватия және Уругвай-Оңтүстік Корея құрамасы голсыз аяқтады.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: