Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жері күрішті, елі ырысты – Қызылорда» жәрмеңкесі ұйымдастырылды

25.06.2023, 18:00 274

HALYQLINE.KZ  Кеше Қызылордаға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған Үкімет делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация мүшелері ауыл шаруашылығы нысандарының жұмысымен танысып, «Жері күрішті, елі ырысты Қызылорда» атты 2 күндік күріш көрме-жәрмеңкесіне қатыспақ.Алдымен Үкімет басшысының орынбасары Сырдария ауданындағы «Мағжан и К» ЖШС күріш ақтау және тұз өндіру зауыттарының жұмысымен танысты. Заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған және бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылатын кәсіпорын азық-түлік тауарларының бірқатар түрін шығаруда.Әрі қарай Серік Жұманғарин «Абай-Даулет» ЖШС күріш зауытын және күріш сататын арнайы дүкенін аралады. «Жан Арай» ЖШС агроөнеркәсіп кешенінің қуаттылығы 4000 тонна қойма құрылысымен танысты.Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары күріш көрме-жәрмеңкесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Көрме-жәрмеңкені республика көлемінде күріш бағасын тұрақтандыру мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Сауда және интеграция министрлігі бірлесіп ұйымдастырған. Оған барлық облыс әкімдерінің салалық орынбасарлары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация төрағалары және ел өңірлерінен 120-дан астам кәсіпкер қатысуда.Көрмеден кейін Серік Жұманғарин мәжіліске қатысып, Қызылорда облысының бизнес-қауымдастығы өкілдерімен кездеседі.Ертең Үкімет делегациясы Сыр өңірінің су шаруашылығы нысандарына барып, «Абзал және К» ТС күріш алқабын аралайды. Сондай-ақ Н.Ілиясов ауылының абаттандыру жұмыстарымен, әлеуметтік нысандарымен танысады деп жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: