Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жем-шөппен қамтамасыз ету мәселесі тапсырылды

23.08.2022, 12:15 375

HALYQLINE.KZ Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайловтың төрағалығымен «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру барысы мен жем-шөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселелері қаралған жиын өтті. Үкімет отырысына онлайн режимде министрлер мен барлық өңірдің әкімдері қатысты.

Жиында ведомоство басшылары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасап, алдағы уақытта атқарылуы қажет жұмыстарды саралады.Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі жауапты сала басшылары мен қала, аудан әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Сыр өңірінде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде 2022-2025 жылдарға арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.

Аймақ басшысы Ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысына белгіленген іс-шараларды мерзімінде әрі сапалы атқару қажет екенін айтты.

– Қоғамда қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру мақсатында фракциялар бойынша (дымқыл және құрғақ) контейнерлерді орнату жұмыстарын жеделдету қажет. Қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату үлесін арттыру үшін өңдеу инфрақұрлымын дамыту, соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін тарта отырып кіші сұрыптау желілерін құру бойынша шаралар қабылдансын. Сонымен қатар биылғы жаңа оқу жылында орта мектеп бағдарламасында 6-сынып оқушыларын «Экология» курсымен қамтуты тапсырамын, – деді Н.Нәлібаев.

Облыс әкімі жем-шөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселелері қазіргі уақытта өзекті екенін айтып, қажетті бағыт-бағдар берді.

– Өздеріңіз білесіздер өткен жылы Арал ауданында жауын-шашынның болмауынан қуаңшылық орын алып, 598 бас мал шығыны орын алған болатын. Аталған жағдайды алдын алу мақсатында нақты шарлалар қабылдап, ерекше бақылауда ұстауымыз қажет. Бүгінгі күнге Арал және Қазалы аудандарында мал азығын дайындау барысы өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғанымен, қазір уақытта басқа аудандарға қарағанда төмен деңгейде жүруде, сондықтан қажетті мал азығын дайындау жұмыстарын жеделдетіңіздер. Ал, егін жинау науқаны бағытындағы жұмыстарды белгіленген тәртіппен сапалы әрі жүйелі жүргізуіміз қажет, – деді Н.Нәлібаев.

Жиында ағымдағы жылғы күзгі дала жұмыстары мен егін орағына үкімет тарапынан кепілді бағамен бөлінген жағар-жанар майдың облысқа белгіленген кестеге сай жеткізілуін және зауыттардан тиісті уақытта тиелуін бақылауға алу, қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен толық қамтылуын және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілуін қадағалау, мал қыстату науқанына қажетті жем-шөп қорының қажетті көлемде дайындау, қор жасақтау барысында өңірде жұмыс жасайтын күріш ақтау кәсіпорындарымен келісімдер жасау тапсырылды.

Сондай-ақ, облыс әкімі егінді жалға салатын агрегаттар мен астық комбайндарының үздіксіз жұмыс жасауы мен олардың қосалқы бөлшектермен қамтылуын және күзгі дала жұмыстарына қажетті дизель отынының уақытылы алыну, келесі жылдың егісіне қажет жоғарғы репродукциялы сапалы тұқым қорын дайындау, суармалы суды жеткізіп беру қызметіне ақы төлеу қарыздарын және кірістер (салық) органдарына берешектерін мерзімде өтеу, егін жинау жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айының 10-ына дейінгі мерзімде аяқтау қажет екенін атап өтті.

Әртараптандыру бағытындағы дақылдар көлемін ұлғайту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.

Аймақ басшысы: «Ер Әлі» шаруа қожалығындағы егіншілік саласын әртараптандыруға және егістікте суармалы суды үнемдеу технологияларын пайдаланудағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды насихатап, тәжірибені кеңінен пайдалану қажет. Күріштің суды аз қажет ететін сортын өсіруді қолға алу маңызды», – деді.

Жиын соңында ирандық инвесторлармен бірлескен жүгері өсіру жобасын жалғастыру, егін шаруашылығын әртараптандыруға байланысты, Украина ғалымдарымен бірге ауыл шаруашылығы дақылдары сорттарын өңірімізде тәжірибе ретінде егуді қолға алу, облыс аумағында ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың уақытылы орындалуын және эпизоотиялық ахуалды үнемі бақылауда ұстау туралы тапсырма берілді.

Мұнымен қоса, тамыз конференциясы мен білім күніне дайық барысы, «Алтын күз» іс-шарасын өткізу бойынша міндеттер айтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: