Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жедел штаб отырысы өтті

09.02.2021, 17:00 488

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша жедел штаб отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазалы аудандық санитартялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғабит Сарқұлов сөз алып, бүгінгі таңда ауданда 6 науқастың анықталғанын баяндады.

Аудан басшысы ауданда карантиндік шараларды қатаң сақтауды, дәрі-дәрмек қорының жеткілікті болуын қадағалап, үнемі бақылауда ұстап отыруды және қамтамасыз етуді қатаң тапсырды. Сондай-ақ, дәріханаларда бар дәрілердің тізімін жасақтау қажеттігін де тілге тиек етті.

Сонымен бірге, ауданда құрылған мобильді топ құрамымен мекемелерді, кәсіпкерлік нысандарды, сауда үйлерін аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева жұқпалы аурудың балалар арасында кең таралу қаупі бар екенін айтып, барынша сақтанып жүру қажетігін ескертті.

Жиын соңында аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: