Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жас аспаздар арасында байқау өтті

21.10.2022, 9:35 525

Қызылорда қаласында Qosyl жастар орталығының ұйымдастыруымен «Жас аспаздар» байқауы өтті. Сайыстың мақсаты – жас таланттарды анықтап, олардың кәсіби ортасын қалыптастыру арқылы үздіктерін алдағы уақытта тұрақты жұмысқа орналастыру.

Жас аспаздар сайысы бүгін қаламыздағы сәні мен салтанаты келіскен «Қыз Жібек» мейрамханасында қорытындыланды. Байқауға 20-дан астам өтінім түсіп, қорытынды кезеңде 8 қатысушы бақ сынады. Аталмыш шараға қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова арнайы қатысып, жас аспаздарға сәттілік тіледі.

– Ең алдымен баршаңызды 20 қазан аспаздардың кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Жыл сайын бұл мерекені бүкіл әлемнің аспаздары мен аспаздық мамандары дәстүрге сәйкес атап өтеді. Осы ретте, бүгін біз жастардың тың идеясы мен ұшқыр қиялын талап етіп, әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылып отырған мәні мен мазмұны ерекше шараның бірінде басқосудамыз. Байқауда бақ сынағалы отырған қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Қазылар шешімімен Мұрат Арман Ақылбекұлы жеңімпаз атанып, қала әкімінің «Самғау» жастар сыйлығының «Үздік аспаз» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар, жеңімпаз 100.000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: