Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалағашта аппарат мәжілісі өтті

05.08.2022, 10:30 183

HALYQLINE.KZ 29 шілде күні облыс әкімінің төрағалығымен Жалағаш ауданының өзекті мәселелері бойынша жиналыс өткізілді. Соған орай, бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері және бірқатар бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Аппарат мәжілісінде аудан әкімі ең алдымен кадрлық өзгеріске тоқталып өтті. Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы 2022 жылғы 31 шілдедегі шешіміне сәйкес Есжанов Ғалымжан М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімі болып сайланды.

Аудан басшысы Ғалымжан Сансызбайұлын мемлекеттік қызметте, оның ішінде басқарушы лауазымдарда тәжірибесі мол маман екенін атап өтіп, қызметіне абырой, табыс тіледі.І жартыжылдық қорытындысымен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша Жалағаш ауданы 2-орынды алып, жоғары даму динамикасын көрсеткен болатын. Дегенмен, рейтинг негізіне алынған 10 көрсеткіштің 8-і бойынша өсім қалыптасса, 2 көрсеткіш бойынша төмендеу орын алған. Соған орай, аудан әкімі А.Әлібекұлына аталған мәселе бойынша тиісті шара қолдануын тапсырды.

Сонымен қатар, аудан басшысы 4-ші деңгейлі бюджет жоспары төмен бекітілгенін ауылдық округтерді атап өтіп, тиісті бөлім басшысына бюджетті бекітуге қатаң назар аударуды, ауылдық округ әкімдерінің төртінші деңгейлі бюджет кірістерінің жоспарлау барысына аса мән беруін тапсырды.

Мәжілісте көтерілген келесі мәселе халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру болды. Соған байланысты, жұмыстар жеткіліксіз деңгейде жүруде. Аудан басшысы, жоғарыда аталған мәселе бойынша Қ.Шамшатұлына сандық мәліметтер облыстың мәліметтерімен сәйкес емес екенін атап өтіп, облыстық басқармамен тығыз байланыста болу керек екенін айтты.

Сондай-ақ, мәжісте Қанат Шамшатұлына халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына кешенді қолдау көрсетуді үйлестіру мақсатында ауданда «Отбасын қолдау орталығын» ашуды тапсырды.

Аудан әкімі аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жоспарланған көрсеткіштерді жыл соңына дейін 100 пайыз орындалуын қамтамасыз ету бағытында нақты шараларды қабылдау қажет екенін айрықша атап өтті.

Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жұмыстарын мерзімінде толық аяқтауды тапсырды.

Әлеуметтік маңызы бар он тоғыз түрлі азық-түлік тауарларының бағаларына жүргізілген мониторинг нәтижесінде жыл басынан бері он үш түрлі азық-түлік тауарына баға өсімі тіркелген. Осыған орай, аудан әкімі аудан бойынша сауда орындарына мониторинг жүргізуді ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлім басшыларына азық-түлік бағасын өсірген кәсіп иелеріне байланысты ұсыныс беруді тапсырды.

Мәжілісте көтерілген өзекті мәселердің бірі – газбен қамтамасыз ету. Халықты газбен қамтамасыз етумен қатар газ пайдаланудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек. А.Есжанов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, түсіндірме жұмыстарын әлеуметтік желілер арқылы және әрбір тұрғын үйді аралап жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар, БАҚ және әлеуметтік желімен жұмысты күшейту қажет екенін айрықша атап өтті. 2022 жылдың 6 айында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар 4% (68-ден 65-ке) төмендегенімен, кейбір қылмыс түрлері бойынша керісінше өсім қалыптасқан. Аудан әкімі жоғарыда аталған мәселе бойынша тиісті сала басшысына қылмыстың алдын-алу, болдырмау, дер кезінде қылмысты ашу бағытында учаскелік инспекторлар жұмысын күшейтуді тапсырды.

Батыс Қытай-Батыс Еуропа автодәлізі бойында орналасқан Аққұм, Еңбек, Бұқарбай батыр, Таң елді мекендерінің тұсында мал өткелдерінің болмауынан жол көлік оқиғалары жиі орын алуда. Бұл мәселе бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Облыстық мәжілістерде де пада ұйымдастыру жұмыстары айтылып келеді. Соған орай, кент, ауылдық округ әкімдері елді мекенде 1 ай мерзімде пада ұйымдастыру мәселесін шешуді тапсырды. Мәжіліс қорытындысымен А.Есжанов аудан әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: