Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаһандық даму бастамасының Достары тобының министрлік кездесуі өтті

23.09.2022, 11:10 330

Нью-Йорк, 2022 жылғы 20 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының жоғары деңгейдегі сегменті аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Қытайдың Мемлекеттік кеңесшісі – Сыртқы істер министрі Ван Идың төрағалығымен өткен Жаһандық даму бастамасының Достары тобының министрлік кездесуіне қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Әділ Тұрсынов әлемдік даму үшін осындай күрделі кезеңдегі Қытай бастамасының дер кезінде қабылданғанын атап өтті. Ол сондай-ақ тұрақты жаһандық дамуды қамтамасыз ету мақсатында нақты шаралар мен ұсыныстар әзірлеу алаңы ретіндегі Достар тобы қызметінің маңыздылығын атап өтті. Көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды күшейтудің өзектілігі тұрғысынан қазақстандық өкіл кездесуге қатысушыларды 2022 жылғы 12-13 қазанда Астана қаласында өткізуге жоспарланған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 6-шы Саммитіне дайындық барысы туралы хабардар етті.

Кездесу барысында қатысушылар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, даму мәселелері бойынша практикалық өзара іс-қимыл жасау үшін бірлескен күш-жігерді үйлестіруді жалғастыруға келісті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: