Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үлгілі отбасылар – Отанның ұйытқысы

11.09.2020, 16:30 728

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев отбасы күніне орай бірнеше шаңырақтың қуанышымен бөлісіп, Отбасы күнімен құттықтады.

Бүгін мереке қарсаңында сіздермен емен-жарқын әңгімелесіп, мерекелік тілегімізді жеткізу үшін арнайы келіп отырмыз. Сіздерді отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер облысымыздың, ауданымыздың дамуына, гүлденуіне үлкен үлес қосып келесіздер, – деген аудан әкімі үлгілі отбасыларға құрмет көрсетіп, сый-сияпаттарын табыс етті.

Мұрат Нәлхожаұлы ат басын бұрған шаңырақтың бірі – Қазалы қаласындағы Мәшенбаевтар отбасы. Отағасы Қасымхан Мәшенбаев – ішкі істер саласының ардагері. Ал, жұбайы Зада Сермағамбетова – алты баланы өмірге әкелген ардақты ана. Қазалы қаласындағы тұтынушылар қоғамында сатушы болып еңбек еткен. Қазіргі таңда зейнет демалысында. Отау құрғандарына 55 жыл болған. Отбасында 6 бала, 19 немере, 3 шөбере тәрбиелеп отырған құрметті ата-әже. Балаларының барлығы Қазақстанның бірнеше қаласында қызмет жасауда.

Аудан әкімі мереке қарсаңында көпбалалы аналар Әсем Хасанова мен Тұрсынкүл Байымбетованы да Отбасы күнімен құттықтады.

№266 мектеп-лицейде ағылшын тілінің мұғалімі болып жұмыс істейтін Әсем Хасанова – өмірге 7 ұл бала әкелген «Алтын алқалы» ана. Шаңырақтың отағасы Мейрамбек Талғатұлы – Әйтеке би кентіндегі «Дәулет – А» зауытында темір жонушы болып жұмыс істейді.

Ал, Тұрсынкүл Байымбетова – 6 бала тәрбиелеп отырған ана. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Күміс алқа» наградасымен наградталған. Теміржол әскери күзет мекемесінде жұмыс істейтін жұбайы Руслан Байымбетов – тәжік-ауған соғысының ардагері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: