Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үкімет толығымен отставкаға кетті

16.07.2026, 10:12 25

Украинаның Жоғарғы Радасы премьер-министр Юлия Свириденконың отставкаға кетуін қолдап дауыс берді. Осылайша Украина үкіметінің толық құрамы бір мезетте отставкаға кетті, деп жазады halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

12 шілде күні Украина президенті Владимир Зеленский Министрлер кабинетін жаңартуды жоспарланып отырғанын және премьер-министр Юлия Свириденкоға жаңа қызмет ұсынылатынын мәлімдеген болатын. Зеленскийдің айтуынша, Украина саяси стратегиясын өзгертеді.

«Украинада жаңартылған саяси стратегияны жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс кадрлық өзгерістер басталады. Біз бұл мәселенің егжей-тегжейін Украина премьер-министрі Юлия Свириденкомен талқыладық. Өзгерістер үшін Министрлер кабинетін жаңарту қажет деген қорытындыға келдік. Мен Юлияға премьер-министр қызметіндегі нақты, тұрақты әрі тиімді жұмысы үшін, сондай-ақ Украина командасындағы көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар оған біздің негізгі серіктестеріміздің бірімен қарым-қатынастағы жаңа маңызды бағытты басқаруды ұсындым», – деді президент Владимир Зеленский.

13 шілдеде Украина Жоғарғы Радасына Юлия Свириденконың қызметінен кету туралы өтініші түсті.

Оның отставкасын 450 депутаттың 258-і қолдап дауыс берді.

Фото: Telegram арна/Юлія Свириденко

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: