Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындардың әрбір мәселесіне ұдайы мән беріледі

20.07.2022, 15:45 280

HALYQLINE.KZ Құрметті жерлестер, бүгін мен белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдап, өтініштерін қарадым.

Айта кетейін, осы уақытқа дейін 13 жеке қабылдау өткізіп, 100-ден астам азаматтың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, тиісті тапсырмалар бердім.Басқосулар аясында жерлестерімнің тарапынан қала және аудандарда 65-ке жуық шешуді қажет ететін негізгі проблемалық мәселе көтерілді.

Мәселен, тұрғындар қойған сұрақтардың 40-тан астамы автомобиль жолдарын жөндеу, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын жөндеу және салу, сумен, газбен жабдықтау, электр желілерін жаңарту, сондай-ақ, ауылшаруашылығы мәселелері, елді-мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау және экология сипатында болды. Әрине, халықтың көкейкесті мәселеге деген ұсыныс-пікірлерін саралап, жинақтадық. Қазіргі таңда бұл мәселелерді рет-ретімен шешу жөнінде Іс-қимыл жоспары бекітілді. Бүгінгі кездесу барысында да 18 тұрғынның мәселесі қаралды.

Оның ішінде, Ұлы Отан соғысының ардагері Алтынбек Сейдахметовтің есімін Қызылорда қаласындағы көшелердің біріне беру ұсынылды. Жау жолына қасқая қарсы тұрып, Жеңіс жалауын желбіреткен жауынгерлердің есімін ұлықтау – қасиетті парызымыз. Сондықтан бұл ұсыныс мұқият қаралып, заңдылығына қарай шешілетін болады. Сонымен қатар, көпбалалы ана Айнұр Қалдыбекова науқас нәрестесінің еміне көмек сұрады. Бұл мәселеге қатысты күні ертең «Қазақстан халқына» қорының өкілі облысқа жұмыс сапарымен келеді. Осы мәселені бірлесіп ақылдасатын боламыз. Сонымен қатар, баланы жергілікті жерде КТ, МРТ аппараттарында тексеруден өткізуді және қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына тапсырдым.

Мұнан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарға санаторлық курорттық демалысы кезінде көмекшіні қоса алып жүру мәселесі 2023 жылдан бастап шешімін табатын болды. Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесімен келген. Бұл жерде баспана мәселесі Заң аясында кезегіне сәйкес берілетінін айтқым келеді.Қалған мәселелерді де зерделеп, заң аясында оңтайлы шешімін қарастырамыз.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ,

Қызылорда облысының әкімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: