Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

29.05.2023, 9:12 216

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
«Режеп Тайип Ердоғанды @RTErdogan Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді» деп жазды Twitter парақшасында.

 Кеше Түркиядағы президент сайлауының алдын ала нәтижесі шыққан болатын. Түркиядағы және шетелдік өкілдіктер мен шекара бекеттеріндегі бюллетеньдердің 99,43 пайызын өңдегеннен кейін Ердоған 52,14 пайыз, Кылычдароглу 47,86 пайыз дауыс жинады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Режеп Тайып Ердоған Түркияның жаңа президенті болып сайланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: