Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлжан Байбосынова Қызылордаға қызметке келді

02.11.2022, 10:00 977

Бүгін Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының 2022 жылғы 1 қарашадағы №160-ЖҚ/1 бұйрығымен «Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына Байбосынова Ұлжан Мәлікайдарқызы тағайындалды.

Ұлжан Мәлікайдарқызы 1973 жылы 23 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тасбөгет кентінде дүниеге келген. 1990-1995 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Музыка» мамандығы, 1996-2001 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын «Музыкатану» аспирантурасын, 2005-2006 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Ізденуші» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты «Халық әні» кафедрасының оқытушы-машықтанушысы болып бастаған. 1996-1998 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы «Гармония сольфеджио» кафедрасының машықтанушы-зерттеушісі, 2001-2007 жылдары Алматы қаласы, «Көкіл» мектеп-колледжінде музыка пәнінің мұғалімі, 2007-2008 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі мәдениет пен өнер» кафедрасының оқытушысы, 2008-2014 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, 2015-2019 жылдары Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің жетекшісі қызметтерін абыроймен атқарды. 2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының доценті қызметін атқарып келді.

Тағайындауға арнайы барған Мейрамбек Зинабдинұлы жаңа басшының қызметіне сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: