Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордадағы Зияткерлік мектепке жаңа директор тағайындалды

15.08.2022, 17:55 367

HALYQLINE.KZ

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова Қызылорда қаласындағы NIS-тің жаңа директоры Жаңбыржан Бекболатовты педагогикалық ұжымға таныстырды.

Жаңбыржан Сәрсенұлы NIS жүйесінде 2009 жылдан бері жұмыс істейді, мамандығы – шет тілі мұғалімі. Семей қаласындағы Зияткерлік мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі, директордың орынбасары, сондай-ақ орталық аппаратта Зияткерлік мектептерді дамыту департаментінде қызмет етті. Елордадағы Халықаралық мектеп директорының орынбасары лауазымында аккредиттеу және CIS-пен ынтымақтастық орнату, оқушылардың жобалық және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті мен мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін дамыту және өзге де маңызды басымдықтармен айналысты. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Күләш Ноғатайқызы педагогикалық ұжымды алты жыл басқарған Бақыт Жұматайды NIS жүйесіндегі үздік директорлардың бірі ретінде атап өтті. Бақыт Әмірханұлы үшін жаңа оқу жылы айтарлықтай ерте басталды, ол АҚШ-тағы ең жетекші зерттеу университеттерінің бірі Michigan State University докторантурасына оқуға түсіп, PhD бағдарламасы бойынша кәсіби білімін жалғастыруда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: