Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласының прокуроры тағайындалды

09.02.2024, 10:25 197

Қызылорда қаласының прокуроры болып әділет кеңесшісі Жандарбек Сұлтанбекұлы тағайындалды.

Жандарбек Сұлтанбекұлы прокуратура органдарындағы қызметін 2010 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әрі қарай Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, Бас прокуратураның департаментінде бөлім прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2021ж. бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданының прокуроры лауазымын атқарған.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін «2 дәрежелі Айбын» орденімен наградталған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 13 жылдан астам.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: