Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не жаңа басшысы келді

26.05.2021, 10:15 1352

HALYQLINE.KZ  Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте кадрлық тағайындаулар болды.

Онда «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің жаңа басшысы Руслан Ерсұлтанұлын таныстырды.

Руслан Ерсұлтанұлы 1978 жылы дүниеге келген. 1999 жылы «Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1999-2002 жылдары Қармақшы, Қазалы аудандық прокурорының көмекшісі, 2002-2004 жылдары облыстық прокуратураның мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, 2004-2005 жылдары орталық аймақтық көлік прокуратурасының бөлім прокуроры сатыларынан өткен. 2005-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде, Қазақстан Республикасы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстықпен күрес агенттігінде, «СПК «Байқоңыр» акционерлік қоғамында жауапты қызметтерді атқарған.

2020 жылдың қараша айынан бастап қала әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып, 2021 жылдың 11 мамырында «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің директоры қызметіне тағайындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: