Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы тағайындалды

06.09.2023, 16:33 152

HALYQLINE.KZ

Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

Нұрмұхамед Байғара әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану», «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Ланкастер университетін «Жобаларды басқару» мамандықтары бойынша аяқтаған.

Нұрмұхамед Байғараев бұған дейін «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында саяси-сараптамалық бағдарламалар мен әлеуметтік ток-шоулар әзірлеген. Кейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, бас редакторының орынбасары болды. Сондай-ақ, «Айқын» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Президент баспасөз хатшысының орынбасары болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: