Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Qazcontent-тің жаңа басшысы тағайындалды

09.02.2023, 10:30 236

HALYQLINE.KZ

Qazcontent» АҚ-ның басқарма төрағасы болып белгілі журналист Бекзат Жүсіп тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Qazcontent ұжымына жаңа басшысын таныстырған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қаңтардың 26-сына дейін АҚ-ны басқарған Елдос Нәшірәліге табысты қызметі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, Бекзат Жүсіптің бұған дейін қандай қызметтерде болғанын атап өтті.

1989 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген Бекзат Жүсіп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Шығыс Англия университетін тәмамдаған «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор қызметінен бастаған.

2009-2013 жылдары республикалық телеарналарда жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы – бас инспектор.

2019-2021 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.

2023 жылдың ақпанына дейін Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: