Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

15.04.2021, 12:15 1706

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы жеке құрамға Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Ағаділов Нұрлан Амантұрұлы 1981 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

2002 жылы Қазақ академиялық университетін бітірген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 2004 жылы Қызылорда ОІІБ-ның Шиелі аудандық полиция бөлімінің іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілінен бастаған.

Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Тасбөгет полиция бөлімінің бастығы және Жалағаш ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған. Ағымдағы жылдың 14 сәуірінен бастап Қызылорда қаласының Полиция басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: