Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды

01.12.2022, 16:10 359

 HALYQLINE.KZ  Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.

«Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген Жарлықта.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: