Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Экология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

06.02.2024, 18:46 98

HALYQLINE.KZ

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ерлан Нұрәліұлы 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогигалық университетін тәмәмдаған.

Мамандығы – орман шаруашылығы инженері, қаржы бакалавры. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1983 жылы Алматы облысында Ұйғыр орман шаруашылығының шебері болып бастаған.

1984-1989 жылдары Ұйғыр аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, нұсқаушы, 1989-1991 жылдары Алматы облыстық комитетінің Ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі, 1991-2004 жылдары коммерциялық ұйымдар құрылымында қызмет етті.

2004-2009 жылдары «Астана-Зеленстрой» АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарып, 2009 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

2013-2014 жылдары Қоршаған орта және су ресурстары министрінің орынбасары, 2014-2021 жылдары Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары болды.

2021 жылдан 2023 жылға дейін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма төрағасының стратегиялық дамуы және халықаралық байланыстары бойынша орынбасары лауазымында жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: