Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерлан Сәденов Ішкі істер министрі болды

06.02.2024, 15:15 87

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің жоғарғы мектебін тәмамдаған.

Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол.

Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалары полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, ІІМ жедел департамент басшысы, көліктегі полиция департаментінің басшысы болып қызмет етті.

2016 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

2022 жылдың 26 қаңтарында ол Президент Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың орынбасары болып тағайындалды.

2023 жылдың 2 қыркүйегінде Ішкі істер министрі болып тағайындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: