Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еліміздің 4 облысында жаңа әкім тағайындалады

05.09.2023, 9:34 255

HALYQLINE.KZ

Бүгін еліміздің төрт облысының мәслихаттарында жаңа әкімдерді тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша депутаттардың жиналысы өтеді.

15.00-ге белгіленген мәселихат отырысында Шымкент қаласы әкімін тағайындауға келісім беріледі.

Ақтөбе облысы мәслихатындағы жиын сағат 13.00-ге белгіленген. Мұнда Ералы Тоғжановтың орнына жаңа әкім тағайындалады.

Жамбыл облысында депутаттар облыс әкімін тағайындауға келісім беру үшін сағат 11.00-де жиналады. Облысты осыған дейін басқарып келген Нұржан Нұржігітов бір күн бұрын су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Ақмола облысында әкімге келісім беретін депутаттар жиыны сағат 10.00-ге белгіленген. Бұған дейін облысты басқарған Ермек Маржықпаев өткен аптада туризм және спорт министрі қызметіне жайғасқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: