Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басқарма бастығы таныстырылды

11.08.2026, 15:25 51

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласы әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен өткен мәжілісте кадрлық өзгерістер таныстырылды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы қызметіне Ерлан Маратұлы Абдуллаев тағайындалды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Ерлан Маратұлы 1983 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Алғашқы әскери және дене дайындығы», «Құқықтану» мамандықтары бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда қаласы, №2 орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдары Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Байқоңыр қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Сырдария ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында әскери қызмет саласында жауапты қызметтер атқарған.

2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде жұмылдыруды жоспарлау бөлімінің бастығы қызметін атқарып келді.

Қала әкімі жаңадан тағайындалған басқарма бастығының қызметіне сәттілік тілеп, нақты міндеттер жүктеді.

Ал, бұған дейін осы басқарманың бастығы болған Ерлан Қалмаханұлы Манапов басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан босатылды. Шаһар басшысы Ерлан Қалмаханұлына өзіне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқарғаны үшін алғысын білдіріп, қаланың ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасын» табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: