Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз хатшысы тағайындалды

15.01.2024, 17:50 162

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының баспасөз хатшысы қызметіне Бекбол Қаратайұлы тағайындалды.

Бекбол Қаратайұлы 1997 жылы 21 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналист мамандығын бітірген.

Еңбек жолын «Alashinform.kz» ақпарат агенттігінде журналист ретінде бастаған.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында PR менеджер, ШЖҚ «Қызылорда Су жүйесі» МКК-де баспасөз хатшысы лауазымдары бойынша қызмет атқарған. Осы кезге дейін Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз хатшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

Алдағы уақытта корпорация жұмысына қатысты барлық сауалдар мен ұсынымдар, өтініштер мен пікірлер бойынша Бекбол Қаратайұлының +7 701 339 0909 номеріне (what’s app) хабарлассаңыздар болады.

©«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: