Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Арал» СЖКБД филиалының директоры тағайындалды

02.03.2023, 15:30 657

HALYQLINE.KZ Бүгін «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК «Арал» СЖКБД филиалының директоры лауазымына Шамұратов Нәжмәдин Шәкизадаұлы тағайындалды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов кәсіпорынның жаңа басшысын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.Нәжмәдин Шәкизадаұлы 1963 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «Инженер-гидротехник», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Заңгер» және «Қайнар» университетін «Экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1980 жылы Қазалы ауданы №64 жылжымалы механикаландырылған колоннасында экскаватор машинисінің көмекшісі болып бастаған.

Республикалық және облыстық деңгейде мемлекеттік органдарға басшылық жасаған. Бүгінге дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы қызметін атқарған.

Анықтама үшін: «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірыңғай дирекциясының филиалы – Қызылорда облысына қарасты 190 елді мекенді немесе 462,47 мың халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін бірыңғай оператор. Оның ішінде 328 356 тұрғыны бар 130 елді мекен «Арал – Сарыбұлақ», «Октябрь», «Жиделі», «Байқожа», «Талап» және «Сырдария» топтық су құбырлары, 134 116 тұрғыны бар 60 елді мекен Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарындағы және Қызылорда қаласындағы оқшау су жүйелері арқылы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: