Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал ауданының әкімі орынбасарын таныстырды

21.04.2021, 13:00 1085

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев активке облыстық конкрустық комиссияның шешіміне сәйкес тағайындалған жаңа орынбасары Әбішев Еркін Жұмаханұлын таныстырды.

– Еркін Жұмаханұлы – ауданымыздың төл тумасы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалымен жақсы таныс. Бүгінгі күнге дейін жинақтаған мол тәжірибесін ауданымыздың одан әрі дамуына аянбай жұмсайды деп сенім білдіремін. Аудан әкімінің орынбасары ретінде Еркін Жұмаханұлы жер қатынастары, ауылшаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларына жетекшілік жасайтын болады. Жаңа қызметіңізбен құттықтай отырып, алдағы атқарар жауапты жұмысыңызға сәттілік тілеймін!, – деді аудан әкімі.

Еске сала кетейік, Е.Әбішев бұған дейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін абыройлы атқарып келді. Осы орайда аудан әкімі аймақтың қоғамдық-саяси ахуалын жақсарту бағытында елеулі қызмет жасаған жаңа орынбасарына облыс әкімінің атынан арнайы Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыс етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: