Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арал ауданында бірқатар ауыс-түйіс болды

20.09.2022, 14:40 474

HALYQLINE.KZ

Бүгін Арал ауданында жаңадан тағайындалған бірқатар бөлім басшысы мен жексенбі күні өткен сайлау нәтижесінде көп дауыс алған үміткерлердің қатарында кент пен ауылдық округі әкімі аудан активіне таныстырылды.

Сонымен, Арал ауданы әкімінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №220 өкіммен, Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына Әбекенов Қуанар Дайрабайұлы тағайындалды.

Қуанар Дайрабайұлы 1963 жылы 31 наурызда Арал қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

1992 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «Құрылыс инженері» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988-1990 жылдары Арал аудандық «Приарал» кеңшарында құрылыс шебері қызметінен бастаған.

1990-1997 жылдары Алматы қаласындағы «ЮЖ элеватор строй» және «Алматы мелиорация» трестерінде, «Сұңқар», «Благоустройство», «Бақыт» құрылыс мекемелерінде жұмысшы, құрылыс шебері, монтаждаушы, прораб, инспектор;

2010-2013 жылдары «Қазалы құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері және директоры;

2013-2014 жылдары Арал аудандық құрылыс бөлімінің инспекторы;

2014 жылдан бастап осы кезге дейін аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.

Отбасылы.

***

Жақсықылыш кенті тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясының атынан ұсынылған кандидат Берсүгіров Пазылбек Іскендірұлы кент әкімі болып сайланды.

Пазылбек Скендірұлы 1964 жылы 4 қаңтарда Арал ауданы, Қарақұм ауыл советінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1985 жылы «Н.В. Гоголь» атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Тереңөзек ауданындағы № 39 Қызылөзек орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

1987-1990 жылдары Тереңөзек ауданы, Қараөзек кеңшары бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, Тереңөзек аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Жастардың ғылыми-техникалық творчествосы Алматы қалалық «Контакт» орталығының Тереңөзек филиалының басшысы;

1990-1992 жылдары Тереңөзек аудандық білім бөлімінің мектеп инспекторы, білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы;

1992-1994 жылдары Арал аудандық білім бөлімінің әдіскері, мектеп инспекторы-маманы, бас маманы;

1994-1995 жылдары Арал ауданы әкімінің аппаратында ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;

1996-1998 жылдары Арал аудандақ ішкі істер бөлімі бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары;

1999-2012 жылдары Арал аудандық туризм және спорт комитетінің төрағасы, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, бастығы;

2012-2014 жылдары Арал аудандық білім бөлімінің басшысы;

2014-2016 жылдары Арал аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;

2016-2018 жылдары Арал қаласы әкімінің орынбасары;

2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Жақсықылыш кентінің әкімі қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 6 бала тәрбиелеп өсіруде.

***

Ал ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша өзін-өзі ұсыну тәртібімен Аманжолов Қайрат Қайроллаұлы Ақирек ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Қайрат Қайроллаұлы 1974 жылы 26 қарашада Арал қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2011 жылы Қызылорда қаласындағы Болашақ университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Ақирек ауылдық округіндегі № 63 орта мектебінде іс жүргізушісі болып бастаған.

1994-1996 жылдары Ақирек ауылдық округіндегі № 63 орта мектебінде автокөлік жүргізушісі;

1999-2002 жылдары «Ақбай» шаруа қожалығының есепшісі;

2005-2012 жылдары Ақирек ауылдық округі әкімі аппаратының салықшысы, жетекші маманы;

2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін Акиреқ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп өсіруде.

***

Арал ауданы әкімінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 210 өкіммен, аудан әкімінің баспасөз хатшысы лауазымына Қабақов Азамат Жанатұлы тағайындалды.

Азамат Жанатұлы 1991 жылы 16 желтоқсанда Арал ауданы, Қамыстыбас ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

2013 жылы Тараз мемлекеттік педогогикалық институтын, 2022 жылы Шымкент университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2013-2014 жылдары «Қамыстыбас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің маманы қызметінен бастаған. 2014-2015 жылдары «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы; 2016-2017 жылдары «Ел тілегі» газетінің менеджер-журналисті; 2017-2022 жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медиа мониторинг және ақпараттық технология бөлімінің маманы, орынбасары және директордың міндетін атқарушы; 2022 жылдың 10 маусымынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз хатшысы қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 2 бала тәрбиелеуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: