Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдария ауданының әкімі азаматтарды жеке қабылдады

08.08.2022, 10:30 688

HALYQLINE.KZ Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік көмек беруді, жұмыспен қамту, тұрғын үй алу сынды өтініштерін жеткізді.

Аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес шешілу жолдарын қарастыруды және әрбір мәселе бойынша тұрғындарға жауап беру бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Айта кету керек, осы уақытқа дейін аудан басшысы 32 жеке қабылдау өткізіп, 136-ға жуық азаматтың мәселесін саралады. Бұдан бөлек тоқсан сайын аудан көлеміндегі елді-мекендерде атқарылған жұмыстар бойынша аудан әкімінің арнайы тұрғындармен кездесулері өткізіліп келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: