Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырбойылық жастар форумда бас қосты

07.12.2022, 10:00 329

HALYQLINE.KZ Сыр елінде түрлі салада табысты қызмет атқарып жүрген жастар «Жасампаз шақ – жастық шақ» атты форумда бас қосты.

Басқосуға білім, ғылым, медицина, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік, өнер мен спорт саласында аймақ абыройын асырып жүрген жастар жиналды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев форумға арнайы қатысып, жастармен еркін бағытта пікірлесіп, ұсыныстарын тыңдады. Аймақ басшысы алдымен жастардың озық идеяларына негізделген арнайы көрмені аралап, өз кәсібін бастаған, инновациялық идеяларды іске асыруға ниетті оқушылар мен студенттердің жобаларын көрді.Форумда сөз алған облыс әкімі туған жерін дамытуға жанашыр, озық идеяларды іске асыруға ниетті әрбір жасқа қолдау болатынын тілге тиек етті.

“Аймақ тұрғындарының 21 пайызын құрайтын жастар өкілдерін қолдау мақсатында биылғы жылы бюджеттен 500 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Осының нәтижесінде аймағымызда маңызды әрі жастардың сұранысына сай бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.Аймақта сұранысқа ие мамандықтар бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан және көп балалы отбасынан шыққан балаларға арналған облыс әкімінің 100 гранты тағайындалды.

Ғылыми қызметке тартылған жастар санын арттыру, жас ғалымдардың ғылыми жобаларын қаржыландыру жұмыстары қолға алынды.Елімізде қоғамдық және қайырымдылық істердің басында Сыр еріктілері қай кезде де белсенді түрде атсалысып келеді. Олардың көмегімен жыл басынан бері 6 жарым мыңға жуық мұқтаж отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді, – деді Н.Нәлібаев.

Форумда жастар саясатының дамуына үлес қосып, еңбегімен көзге түскен бірқатар жас облыс әкімінің және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Кешкі кездесуде «Аслан Films» киностудиясының директоры, кинопродюссер Жасұлан Алдабергенов, «Бала Орда» бағдарламасының авторлары Мақсат Серікбаев және Сәуле Қалыбай және ғалым Нұрбол Аппазов киноиндустрия және жаңа медиа, білім мен ғылым саласын дамытуда өзіндік идеяларымен бөлісті. Форумда жас ақындар Мақсат Дауылбай мен Мөлдір Айтбай өлең оқып, «АДС» тобы және Жарасхан Төлебай өнер көрсетті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: