Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өңірі экономикалық даму көрсеткіштер бойынша үздіктер қатарында келеді

16.10.2023, 10:25 289


Биылғы 9 айдың қорытындысымен Қызылорда облысы экономикалық өсу қарқыны бойынша республика өңірлерінің үздік үштігінен орын алды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 4,7%-ға өсті. Қызылорда облысы тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша 3-ші орында, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша 4, ал құрылыс секторындағы жоғары өсімді қамтамасыз еткен өңірлер арасында 5-ші орында. Ведомство басшысы барлық экономикалық даму көрсеткіштерін есепке алғанда, Сыр өңірі алғашқы үштікте екенін атап өтті.

«Барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсім 5 өңірде, атап айтқанда, Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында байқалды», – деді Әлібек Қуантыров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: